Табиғатты аялау – туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық республикалық тұжырымдамасы аясында ауылымызда кезекті көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, игі шара барысында округ аумағына 150 түп тал көшеті отырғызылды. Бұл – ауыл келбетін көркейтіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға бағытталған маңызды бастама.

Шараға Нарын ауылдық округке қарасты мекеме қызметкерлері мен белсенді тұрғындар жұмыла қатысып, бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Әрбір отырғызылған тал – табиғатқа деген қамқорлықтың, туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Осындай игі істер арқылы ауылымыздың ажары артып, экологиялық мәдениет қалыптаса түсетіні сөзсіз.

Қоршаған ортаны таза ұстап, жасыл желекті көбейту – баршамызға ортақ міндет.
Айнамкөз Ізбайқызы,
Нарын ауылдық округінің бас маманы

