«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы адамдарды тазалыққа, тәртіпке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Әсіресе, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оның маңызы зор.
Ағаш отырғызу, қоқысты арнайы орындарға тастау, табиғи ресурстарды үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттер үлкен нәтижеге жеткізеді. Таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең құнды мұрамыз.
Г.ӨТЕГЕН



