«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Қоршаған ортаның тазалығы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.
Көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдердің жағалауын таза ұстау арқылы біз табиғатқа деген құрметімізді көрсетеміз. Сондықтан бұл бастамаға әр адам өз үлесін қосуы керек деп есептеймін.
С.ІЗБАСАР



