Таза қала, таза ауыл, таза Қазақстан

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама. Бұл – тек сенбілік немесе бір реттік шара емес, ол әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсететін ортақ міндет.

Аққыстау ауылдық округінде аталған акция аясында көшелерді тазалау, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды ретке келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл тұрғындары, жастар мен еріктілер бұл іске белсенді атсалысып келеді. Тазалық – денсаулықтың кепілі әрі келер ұрпаққа қалдыратын ең үлкен өнегенің бірі.

Туған жердің көркеюі әрбір тұрғынның жанашырлығына байланысты. Сондықтан барша ауыл азаматтарын қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырамын.

Бірлесе еңбек етіп, туған өлкемізді таза әрі көрікті ете аламыз.

 

Бекзат Қуандықұлы,
Аққыстау ауылдық округінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT