Бүгінгі тазалық – ертеңгі амандық”

ашық дереккөзден

 

Табиғатымыздың тазалығын сақтап, қоршаған ортамыздың экологиясын жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының еліміз үшін маңыздылығы зор.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024-ші жылдың 8-ші сәуірінен бастау алған бұл акция, бүгінгі күнде қарқынды жүзеге асырылып, табиғатымыздың тазалығын сақтау жолында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
«Таза Қазақстан» – елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды жалпыұлттық бастама. Оның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, елді мекендердің тазалығын сақтау және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Бұл бастамаға мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар, еріктілер мен қарапайым тұрғындар белсенді қатысуда.
Тазалық – әр адамның өзінен басталады. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, су мен электр энергиясын үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау сияқты қарапайым әрекеттер табиғатты сақтауға үлкен үлес қосады. Сондықтан экологиялық мәдениетті бала кезден қалыптастыру – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT