«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздің табиғатын қорғауға және қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған маңызды бастама.
Менің ойымша, тазалық әр адамның өз үйінен, ауласынан және көшесінен басталуы керек. Қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу және табиғи ресурстарды үнемдеу арқылы біз қоршаған ортаның жақсаруына үлес қоса аламыз.
Туған жеріміздің таза болуы – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан әрбір азамат табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Г.ӨТЕУ



