Таза Қазақстан — болашақ ұрпаққа қалатын аманат

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» бастамасын болашақ ұрпақтың өмір сапасына жасалған инвестиция деп бағалаймын. Бүгін біз қоршаған ортаға қандай қамқорлық танытсақ, ертеңгі ұрпақ сол әрекеттің нәтижесін көреді. Таза ауа, мөлдір су, жасыл желек пен көрікті көшелер — халықтың ортақ игілігі. Алайда табиғатты қорғау тек мемлекеттік мекемелердің немесе еріктілердің міндеті болмауы тиіс. 

Әрбір тұрғын өз ауласын таза ұстап, қоғамдық орындарды ластамауға және табиғи ресурстарды үнемдеуге атсалысуы қажет. Қазақстанның тазалығы — баршамызға ортақ жауапкершілік. Оны сақтау арқылы біз келешекке көркем табиғат пен жоғары экологиялық мәдениетті мұра ете аламыз.

 

Д.ЕРЛАНҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT