Таза Қазақстан – бәрімізге ортақ жауапкершілік

 

«Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыратын маңызды жоба. Тазалық – тек сенбілікпен шектелетін жұмыс емес, ол әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Ауладан бастап көше, қоғамдық орындар мен табиғатты таза ұстау – келер ұрпақ алдындағы міндетіміз.

Бүгінде бұл бастама арқылы ел тұрғындары туған жердің тазалығына бейжай қарамай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып келеді. Әсіресе жастардың белсенділігі қуантады. Табиғатты аялау, қоқысты ретсіз тастамау, ағаш отырғызу секілді қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске бастайды.

«Таза Қазақстан» – тек экологиялық акция емес, ол қоғамды бірлікке, еңбекқорлыққа және туған жерге жанашыр болуға үндейтін игі бастама. Таза орта – дені сау ұлттың кепілі.

 

Әсет КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

жеке кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT