Таза Қазақстан – экологиялық мәдениетті қалыптастыру

ашық дереккөзден

 

Қазіргі таңда табиғатты қорғау – бүкіл адамзат үшін маңызды мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының маңызы ерекше. Себебі табиғатты қорғау тек ағаш отырғызу немесе қоқыс жинау емес, қоршаған ортаға деген адамның көзқарасын өзгерту деген сөз.

Меніңше, экологиялық мәдениет балалық шақтан қалыптасуы қажет. Балаларға суды ысырап етпеуді, қоқысты сұрыптауды, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлықпен қарауды үйрету арқылы табиғатты бағалайтын ұрпақ тәрбиелей аламыз. Егер әр адам табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсінсе, қоршаған ортаға жауапсыз қарау да азаяды.

«Таза Қазақстан» аясындағы көгалдандыру, абаттандыру және табиғи ортаны жақсарту жұмыстары осы мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бірақ жасыл желек отырғызумен қатар, оны кейін күтіп-баптау да маңызды. Бір күндік тазалықтан гөрі, ұзақ уақытқа созылатын жауапты әдет әлдеқайда пайдалы. Сондықтан бұл тұжырымдама қоғамға табиғатты пайдаланушы емес, табиғатты сақтаушы болу қажеттігін түсіндіреді деп ойлаймын.

 

Г.Өтеміс

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT