«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға және азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Қоршаған ортаның тазалығы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігін бұл тұжырымдама нақты көрсетеді. Қазіргі кезде тұрмыстық қалдықтардың көбеюі, жасыл аймақтардың азаюы және табиғи ресурстарды ұқыпсыз пайдалану мәселелері өзекті болып отыр. Осындай жағдайда «Таза Қазақстан» халықтың экологиялық санасын көтеруге ықпал етеді.
Әсіресе жастардың сенбіліктерге қатысуы, ағаш отырғызуы және табиғатты қорғау шараларына белсенді араласуы қоғамда жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Сондықтан бұл тұжырымдама еліміздің тұрақты дамуына және келешек ұрпаққа таза қоршаған орта қалдыруға бағытталған тиімді жоба деп есептеймін.



