«Таза Қазақстан» – қоғам мен мемлекеттің ортақ ісі

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіретін маңызды жоба. Оның негізгі мақсаты – еліміздің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру ортасын жайлы әрі қауіпсіз ету.

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау мәселесі әр адамның қатысуын қажет етеді. Тек мемлекеттік бағдарламалармен шектелу жеткіліксіз. Әр азамат қоқысты сұрыптау, табиғатты ластамау, жасыл желекті күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттер арқылы үлкен өзгерістерге жол аша алады. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы осы жауапкершілікті халық санасына сіңіруге бағытталған.

Мен бұл бастаманы елдің дамуына ықпал ететін маңызды қадам деп бағалаймын. Себебі таза орта – дені сау ұлттың, дамыған қоғамның және тартымды мемлекеттің негізі. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясы әрбір қазақстандықтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT