Таза Қазақстан – ұлттық мәдениеттің көрінісі

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасына мен тек экологиялық бастама ретінде емес, ұлттық мәдениетті жаңғыртатын құндылық ретінде қараймын. Қазақ халқы ежелден табиғатты құрметтеп, жер мен суды қасиетті санаған. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген сияқты халық даналығы ата-бабамыздың қоршаған ортаға деген жанашыр көзқарасын көрсетеді. 

Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты

Тазалықтың мағынасы да өте кең. Таза көше мен таза аула – сыртқы мәдениеттің белгісі болса, таза ой, адал ниет пен жауапкершілік – адамның ішкі мәдениетін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне де ықпал ететін маңызды қағида деп есептеймін.

Сонымен бірге тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау, вандализмге жол бермеу де елге деген құрметтің белгісі. Мемлекеттік деңгейдегі құжаттарда да «Таза Қазақстан» тазалық пен тәртіпті, тарихи-мәдени мұраны қорғауды және табиғатты аялауды ұлттық мінездің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Сондықтан таза Қазақстан құру – тек тазалық қызметкерлерінің немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес. Бұл – әр азаматтың мәдениеті мен елге деген сүйіспеншілігінен басталатын ортақ іс.

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT