Мен «Таза Қазақстан» идеясын ең алдымен адамның ішкі мәдениетімен байланыстырамын. Тазалықты сақтау – сыртқы ортаны ғана көркейту емес, адамның тәртібі мен санасының деңгейін көрсету. Қоғамдық жерде қоқыс тастамау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау, табиғатты аялау – қарапайым көрінгенімен, үлкен мәдениеттің белгісі.
Бүгінде еліміздің әр өңірінде тазалық пен абаттандыруға бағытталған жұмыстардың жүргізілуі қоғамның ортақ іске деген қызығушылығын арттырып келеді. Бұл бастама тұрақты әдетке айналған кезде ғана өзінің толық нәтижесін береді. Меніңше, «Таза Қазақстан» әр азаматқа «Елімнің тазалығы мен көркеюіне мен қандай үлес қоса аламын?» деген сұрақ қоюы керек. Себебі таза елді мемлекет қана емес, оны сүйетін және жауапкершілікпен әрекет ететін азаматтар қалыптастырады.
М.ЖАРБОСЫНОВА



