«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған маңызды бастама.
Қоршаған ортаның тазалығы тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы тиіс. Көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдердің жағалауын таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрекеттер қоғамның экологиялық санасын арттырады.
Таза әрі көрікті орта – халықтың денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау – өз елімізге, туған жерімізге деген жанашырлықтың айқын көрінісі.
Ж.СЕМБИЕВА


