«Таза Қазақстан» — әр азаматтың міндетті жауапкершілігі

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы қоғамды тазалыққа, ұқыптылыққа және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Менің пікірімше, бұл бағыттың маңызы өте зор, себебі қоршаған ортаның тазалығы бір ғана адамның немесе белгілі бір мекеменің міндеті емес. Ол — бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік.

Адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы оның мәдениеті мен тәрбиесін де көрсетеді. Мысалы, қоқысты кез келген жерге тастамау, қоғамдық орындарды таза сақтау, табиғатқа зиян келтірмеу — қарапайым болғанымен, маңызды әрекеттер. Егер әр адам осы ережелерді күнделікті өмірінде ұстанса, еліміздің қалалары мен ауылдарының тазалығы да жақсара түседі.

Сонымен қатар бұл тұжырымдама адамдарды бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік береді. Сенбіліктерге қатысу, ағаш отырғызу, аулаларды тазарту сияқты жұмыстар адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді. Әсіресе жастардың белсенділігі маңызды деп ойлаймын, өйткені экологиялық мәдениет жас кезден қалыптасады.

Қорытындылай келе, таза ел құру тек мемлекеттік деңгейдегі жұмыстармен емес, әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Өз айналамызды таза ұстап, табиғатты құрметтеу арқылы біз туған жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз.

 

Дильназ МАРАТҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT