Бүгінгі таңда табиғатты қорғау мәселесі тек қазіргі қоғам үшін емес, болашақ ұрпақ үшін де аса маңызды. Біз пайдаланған табиғи ресурстар, қоршаған ортаға жасаған әсеріміз және бүгін қалыптастырған экологиялық әдеттеріміз кейінгі ұрпақтың өміріне тікелей ықпал етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын болашаққа жасалған инвестиция ретінде қарастыруға болады. Ағаш отырғызу, су көздерін ластамау, қоқысты тиісті орынға тастау, қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен мәдениеттің негізін қалайды.
Әсіресе жастардың бұл іске белсенді араласуы маңызды, себебі бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі қоғамның қандай болатынын анықтайды. Табиғатты біз ата-бабамыздан мұраға алған жоқпыз, оны келешек ұрпақтан уақытша алып отырмыз деген ұстаным әр адамның санасында қалыптасуы керек.
Ж.СЕМБИЕВА


