Таза Қазақстан - таза болашақ кепілі

 

«Таза Қазақстан» — бұл тек экологиялық акция емес, ол әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама. Қоршаған ортаның тазалығы — халық денсаулығының, елдің көркеюінің және болашақ ұрпақтың жарқын өмірінің кепілі. Сондықтан көшені, ауланы, өзен-көлдерді таза ұстау — барлығымыздың ортақ міндетіміз.

Қазіргі таңда қоқыстың көбеюі, табиғаттың ластануы үлкен мәселеге айналып отыр. Осындай кезде «Таза Қазақстан» жобасы адамдарды тазалыққа, ұқыптылыққа және табиғатты аялауға үндейді. Әсіресе жастардың бұл іске белсенді қатысуы қуантады. Себебі елдің болашағы — саналы ұрпақтың қолында.

Менің ойымша, әр адам тазалықты өз үйінен, өз ауласынан бастау керек. Егер әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қараса, Қазақстанымыз одан әрі көркейіп, таза әрі әдемі елге айналады.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT