«Таза Қазақстан» – еліміздің көркеюіне бағытталған маңызды жалпыұлттық бастама. Менің ойымша, тазалық тек көшелерді қоқыстан тазартумен шектелмеуі керек. Ол әр адамның күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады. Айналамызды таза ұстау, табиғатты қорғау және қоғамдық орындарға ұқыпты қарау – әр азаматтың міндеті.
Бұл бастама адамдарды ортақ мақсатқа біріктіріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Әсіресе жастардың осындай жұмыстарға белсенді қатысуы маңызды. Себебі бүгінгі жас ұрпақтың бойында қалыптасқан экологиялық мәдениет ертеңгі қоғамның деңгейін анықтайды.
Мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдаймын. Әр адам өз ауласын, көшесін, қаласын таза ұстауға үлес қосса, еліміздің көркі де, өмір сүру сапасы да жақсара түседі. Таза ел – мәдениетті қоғамның, жарқын болашақтың белгісі.
Ж.СЕМБИЕВА


