«Таза Қазақстан» – жарқын болашақтың айқын кепілі

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін дамытуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба табиғатты аялауды ғана емес, әр азаматтың қоғамдық жауапкершілігін арттыруды көздейді. Таза әрі көрікті орта – денсаулықтың, жайлы өмірдің және тұрақты дамудың негізі. 

Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызу, қалдықтарды дұрыс жинау және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір азамат осы игі іске өз үлесін қосқанда ғана еліміз одан әрі көркейіп, келер ұрпаққа таза әрі жайлы Қазақстанды аманат ете аламыз. «Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция емес, қоғамның экологиялық санасын қалыптастыратын және елдің болашағына бағытталған маңызды жалпыұлттық тұжырымдама.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT