Таза табиғат-денсаулық кепілі

ашық дереккөзден

 

Бүгінде табиғатты қорғау – болашаққа жасалған қамқорлық. «Таза Қазақстан» жобасы осы бағытта халықты біріктіріп, ортақ іске жұмылдырып отыр. Сенбіліктер мен түрлі экологиялық шаралар адамдарды еңбекке баулып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады.


Бұл жоба ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталуы тиіс. Тазалықты бір күндік акция ретінде емес, күнделікті өмір салты ретінде қабылдаған жөн. Сонда ғана біз шынымен де таза әрі көрікті елде өмір сүре аламыз.
Қорыта айтқанда, «Таза Қазақстан» – тек жоба емес, ол – ұлттың болашағына деген жауапкершіліктің белгісі. Әрқайсымыз осы бастамаға үлес қосу арқылы еліміздің жарқын келешегіне жол ашамыз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT