Таза Қазақстан – жарқын келешекке бастар жол

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жоба тек көшелер мен қоғамдық орындарды тазалаумен ғана шектелмейді. Оның басты мақсаты – әр азаматтың табиғатты аялауға деген көзқарасын өзгертіп, тазалықты өмір салтына айналдыру.

Бүгінде қоршаған ортаның тазалығы халық денсаулығына, елдің көркеюіне және болашақ ұрпақтың өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір адам өз ауласын, жұмыс орнын, туған жерін таза ұстауға үлес қосуы қажет. Қарапайым ғана қоқысты арнайы орынға тастау, ағаш отырғызу немесе сенбіліктерге қатысу – үлкен өзгерістердің бастауы. Таза Қазақстан – баршамыздың ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әр азаматтың азаматтық парызы.

 

Ә.ҒҰБАШОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT