Таза қоршаған орта – әр адамның күнделікті жауапкершілігінің нәтижесі. Табиғатта тәртіп сақтау, экологиялық акцияларға қатысу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау арқылы Қазақстанның әсем табиғатын сақтап, болашақ ұрпаққа қолайлы орта қалдыра аламыз.
Тазалыққа егіз ұғым адалдық. Адалдық ниет пен пейіл тазалығының көрінісі. Президент атап көрсеткен Адал азамат ұғымының астарында ары таза, қолы таза, жүрегі таза адамның тұлғасы туралы ой жатыр. Тазалық пен Адалдық қағидатының біздің өміріміздің барлық саласына орнығуы ерекше маңызға ие. Сонда қоғамда жемқорлыққа қарсы тұру иммунитеті қалыптасады. Адалдық пен жауапкершілік адамның іс-әрекетіне жетекшілік етеді.
Хакім Абай «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес» деген. Ойшылдың осы сөзінен адамның іс-әрекетінің қалай аяқталатыны, нәтижесі оның қандай ниетпен басталатынына байланысты екенін ұғынамыз. Адамның іс-әрекеті оның бастапқы ниетіне байланысты болады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған біздің барлық әрекетіміздің нәтижесі оны ішкі мәдениетімізбен саналы тұрғыдан сезінуімізге, шын ынтамыздың болуына байланысты.



