Қазіргі таңда «Таза Қазақстан» жобасы – қоғам үшін аса маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Бұл жоба еліміздің экологиясын жақсартумен қатар, адамдардың санасына тазалықтың маңызын сіңіруге бағытталған.
Менің ойымша, бұл бастама әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі табиғатты қорғау – тек мемлекетке ғана емес, әр адамға ортақ міндет. Қоқысты кез келген жерге тастамай, қоршаған ортаны таза ұстау – мәдениеттіліктің белгісі.
Сонымен қатар, бұл жоба жастарға үлкен үлгі береді. Олар табиғатты қорғауға үйреніп, болашақта саналы ұрпақ болып қалыптасады. Таза ортада өмір сүру – әр адамның арманы, ал оны жүзеге асыру өз қолымызда.


