Таза орта — қоғам денсаулығының кепілі

ашық дереккөзден

 

Қоршаған ортаның тазалығы халықтың денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер етеді. Көшелердің ластануы, ауаның бұзылуы және жасыл желектің азаюы адамдардың өмір сүру жағдайына кері ықпал етуі мүмкін. 

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және су көздерін қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бұл істерге жастарды, еріктілерді және жергілікті тұрғындарды белсенді тарту маңызды. Таза әрі жасыл ортада өмір сүру — әр адамның құқығы ғана емес, оны сақтауға атсалысу да баршамыздың міндетіміз.

 

Ә.СЕНБІҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT