Таза орта — қоғамдағы бірлік пен мәдениеттің көрінісі

ашық дереккөзден

 

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы адамдарды тек табиғатты қорғауға ғана емес, ортақ мақсат жолында бірігуге де шақырады. Бір ауладағы тұрғындардың тазалық жұмысына бірге қатысуы, жастардың қоғамдық орындарды күтіп ұстауы және мекемелердің экологиялық бастамаларды қолдауы қоғамдағы ынтымақтастықты арттырады. 

Таза әрі көрікті орта адамның көңіл күйіне, өмір сүру сапасына және туған жеріне деген құрметіне оң әсер етеді. Алайда тазалықты тек мемлекеттік мекемелердің немесе арнайы қызметтердің міндеті деп қарастыру дұрыс емес. Бұл — әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өз үйін таза ұстаған адам өз көшесіне де жанашырлық танытуы керек. Сондықтан нағыз таза Қазақстанды қалыптастыру үшін тазалық мәдениетін қоғамдық әдетке айналдырып, оны күнделікті ісімізбен дәлелдеуіміз қажет.

 

Ж.ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT