Менің ойымша, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының табысты болуы әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Қоршаған ортаның тазалығы тек коммуналдық қызметкерлердің немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес, ол — бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік.
Кейде адамдар өздері ластаған ортаны тазалауға басқалар міндетті деп ойлайды. Алайда мұндай көзқарас өзгермейінше, тұрақты нәтижеге қол жеткізу қиын. Әрбір тұрғын өз ауласын таза ұстауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және өзгелерді де табиғатты қорғауға шақыруға үлес қоса алады.
Сонымен бірге тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, жергілікті экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу маңызды. Адамдар ортақ мақсат жолында бірігіп әрекет етсе, елді мекендердің келбеті де жақсарады. Таза Қазақстанды қалыптастыру — бір күндік міндет емес, баршамыздың күнделікті еңбегіміздің нәтижесі.
А.ТАЛҒАТҰЛЫ



