«Таза Қазақстан» бастамасы маған ең алдымен жауапкершілік ұғымын түсіндіреді. Қоршаған ортаның тазалығы бір адамның немесе белгілі бір мекеменің ғана міндеті емес. Ол — бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Бір адам қоқыс тастаса, оның салдары бүкіл ортаға әсер етеді. Сол сияқты әр адам өзінен бастап тазалықты сақтаса, қоғамда оң өзгеріс қалыптасады.
Бүгінде тазалықпен қатар қалдықтарды қайта өңдеу, көгалдандыру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану сияқты мәселелерге де мән беріліп келеді. Бұл — экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанының белгісі. Менің ойымша, «Таза Қазақстан» ұраны әр адамның санасында «Бұл жер — менің де үйім» деген түсінік қалыптастыруы қажет. Өз үйімізді қалай таза ұстасақ, туған өлкемізге де дәл сондай қамқорлықпен қарауымыз керек.
М.МУХАНБЕТЖАНОВ


