Таза орта — саналы ұрпақтың таңдауы

ашық дереккөзден

 

Қазіргі таңда тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі болуы тиіс. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы жастарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және қоғамдық орындарды таза ұстауға үйретеді. 

Менің пікірімше, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мектептен бастаған жөн. Оқушылар сенбіліктерге қатысып қана қоймай, суды үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау және ағаштарды күту сияқты пайдалы әдеттерді күнделікті өміріне енгізуі қажет. Өйткені саналы ұрпақ — табиғатты қорғайтын ұрпақ.

 

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT