Таза орта – таза ойдың бастауы

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» ұғымын тек қоқыс жинау немесе көшені абаттандырумен шектеуге болмайды. Бұл – қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыратын кең мағыналы құндылық. Айналасын таза ұстайтын адам қоғамдық орындарға, табиғатқа және басқа адамдардың еңбегіне құрметпен қарайды. 

Осындай қарапайым әдеттер жас ұрпақтың бойында ұқыптылық пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. Қазіргі таңда экологиялық мәдениетке тәрбиелеу ерекше маңызды, себебі табиғатты сақтау – баршаға ортақ міндет. «Таза Қазақстан» бізге елдің тазалығы әр азаматтың әрекетінен басталатынын көрсетеді. Таза орта қалыптастыру арқылы біз таза ойлайтын, жауапкершілігі жоғары қоғам құруға үлес қосамыз.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT