Меніңше, елдің тазалығы адамның санасынан басталады. Егер адам өз ортасына ұқыпты қарап, қоғамдық орындарда тәртіп сақтаса, бұл оның азаматтық жауапкершілігін көрсетеді.
«Таза Қазақстан» осы жауапкершілікті қоғамның ортақ құндылығына айналдыруға ықпал етеді. Әсіресе жастардың белсенділігі маңызды, себебі бүгінгі жастардың экологиялық мәдениеті – еліміздің ертеңгі келбеті.
С.ҚАЙЫР


