«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Тазалық мәселесі – тек коммуналдық қызметтердің немесе белгілі бір мекемелердің міндеті емес, бүкіл қоғамға ортақ іс.
Қоршаған ортаның тазалығы адамның денсаулығына, көңіл-күйіне және өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан саябақтар мен аулалардың тазалығы, көшелердің көріктілігі, жасыл желектің көбеюі – жай ғана сыртқы көрініс емес, халық үшін қолайлы ортаның маңызды бөлігі.
Бұл бастаманың тағы бір маңызды тұсы – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Табиғатты аялау, қоқысты тиісті орынға тастау, суды және басқа да табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану сияқты қарапайым әдеттерді бала кезден қалыптастыру қажет.
Таза Қазақстанды қалыптастыру бір күнде жүзеге аспайды. Ол әр азаматтың күнделікті әрекетінен басталады. Сондықтан елді таза ұстау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек алдындағы жауапкершілігі. Таза орта қалыптасқан жерде өмір сапасы да, қоғамның мәдениеті де жоғары болады.
Г.ТУЛЕГЕНОВА


