«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы халықты табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және тазалыққа шақырады. Бұл бастама арқылы еліміздің қалалары мен ауылдарында сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаштар отырғызылып, өзен-көлдер мен көшелер тазартылуда.
Меніңше, мұндай жұмыстар тек белгілі бір уақытпен шектелмеуі керек. Себебі табиғатты қорғау – күнделікті әдетке айналуы тиіс. Егер бүгін табиғатқа қамқорлық жасасақ, келешек ұрпаққа таза әрі көркем Қазақстанды қалдыра аламыз.
А.ҒАЗИЗОВА



