Қоршаған ортаның тазалығы – халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы осы бағытта қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге мүмкіндік беріп отыр. Табиғатты қорғау тек мамандардың немесе арнайы ұйымдардың міндеті емес, ол – барша азаматқа ортақ жауапкершілік.
Әсіресе жас ұрпаққа тазалықтың маңызын ерте жастан түсіндіру қажет. Себебі бүгін отырғызылған бір тал, тазаланған бір аула немесе дұрыс сұрыпталған бір қап қоқыс – болашаққа жасалған нақты қадам. Табиғатқа жанашырлық танытқан адам өз қаласына, ауылына және еліне де бейжай қарамайды. Сондықтан «Таза Қазақстан» бізге қоршаған ортаны қорғаумен бірге, келешек ұрпаққа таза әрі жайлы ел қалдыруды үйретеді.
Ж.СЕМБИЕВА


