«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазарту ғана емес, әр адамның ішкі мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама. Таза көше, көрікті аула, жасыл саябақ – қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Егер әр азамат өз үйінің айналасын таза ұстап, табиғатты аялауды әдетке айналдырса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түсер еді.
Менің ойымша, тазалықты арнайы акция кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналдыру қажет. Қоқысты белгіленген жерге тастау, ағаш отырғызу, табиғатты ластамау – үлкен өзгерістерге бастайтын қарапайым әрекеттер. Сондықтан «Таза Қазақстан» әрқайсымыздың өзімізден басталуы тиіс. Өйткені таза елді мемлекет қана емес, саналы азаматтар қалыптастырады.
Ә.КЕНЖЕҒАЛИЕВ


