Тазалық – адамның мәдениетінің айнасы

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» бастамасын мен ең алдымен адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсететін маңызды құндылық деп қабылдаймын. Адамның қоғамдық орында өзін қалай ұстауы, қоқысты жерге тастамауы, айналасына ұқыпты қарауы – оның ішкі мәдениетінің белгісі. 

Тазалықты тек арнайы ұйымдастырылған сенбіліктермен шектемеу керек. Ол әр адамның күнделікті әдетіне айналуы қажет. Егер әр азамат өз үйінің, ауласының және көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қараса, еліміздің көркі де арта түседі.

Сондықтан «Таза Қазақстан» – сыртқы тазалықпен бірге қоғамдық мәдениетті қалыптастыратын бастама деп ойлаймын.

 

Ж.СЕМБИЕВА

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT