«Таза Қазақстан» – айналаны қоқыстан тазарту ғана емес, адамның қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, шынайы тазалық әр адамның санасынан басталады. Егер адам табиғатты өз үйіндей көрсе, көшеге қоқыс тастамайды, ағашты сындырмайды, қоғамдық орындарды бүлдірмейді.
Таза орта – адамның мәдениеті мен тәрбиесінің көрінісі. Сондықтан бұл бастама қоғамда жауапкершілік пен ұқыптылықты қалыптастыруға ықпал етеді. Әр азамат өз ауласын, көшесін, қаласын таза ұстауға үлес қосса, бүкіл еліміздің көркі өзгереді. Ең бастысы – тазалықты бір күндік акция емес, күнделікті өмір салтына айналдыру. «Таза Қазақстан» идеясының құндылығы да осында деп ойлаймын.
М.ЖАРБОСЫНОВА


