Тазалықты сақтайық

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл іс-шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес, түрлі мекеме қызметкерлері мен ғалымдар да атсалысып жүр. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл акцияға көптеген белсенді қатысты. 

Бұл бастаманың аясында ел бойынша сенбіліктер өткізіліп, қоқыстар жиналып, ағаштар отырғызылып, су айдындары мен табиғи аймақтар тазартылуда. Мұндай жұмыстар қоғамның белсенділігін арттырып, адамдарды біріктіреді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT