Тазалық — экологиялық мәдениеттің бастауы

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, әр адамның бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. 

Тазалық әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы керек. Көшеге қоқыс тастамау, суды үнемдеу, ағаштарды күту және қоғамдық орындарды таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге жеткізеді.

Менің ойымша, табиғатты қорғау тек сенбіліктермен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы — адам қоршаған ортаға деген жауапкершілікті саналы түрде сезінуі қажет. Себебі таза ел болу әр адамның жеке мәдениетінен басталады.

 

А,ЗАЙДОЛЛАҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT