«Таза Қазақстан» — қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелмейтін, қоғамның мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама. Менің ойымша, адамның туған жеріне деген құрметі оның күнделікті әрекетінен байқалады.
Көшеге қоқыс тастамау, ағаштарды қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау сияқты қарапайым істердің өзі елге деген жанашырлықтың белгісі. Тазалықты бір күндік сенбілік емес, күнделікті әдетке айналдырсақ, оның нәтижесі әлдеқайда үлкен болады.
Сондықтан «Таза Қазақстан» әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталатын ортақ мәдениет деп ойлаймын.
Ж.СЕМБИЕВА


