Тазалық – ел мәдениетінің негізгі айнасы

 

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазартуға бағытталған қарапайым акция ғана емес, әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама. Менің ойымша, елдің тазалығы әр адамның өзінен, өз үйінен және өз ауласынан басталады. Егер әрбір адам қоқысты кез келген жерге тастамай, табиғатты қорғауға және қоғамдық орындарды таза ұстауға дағдыланса, еліміздің көркі де, мәдениеті де арта түседі.

Бұл бастаманың ерекшелігі – адамдарды ортақ мақсатқа біріктіруінде. Сенбілікке қатысу, ағаш отырғызу, ауланы абаттандыру сияқты жұмыстардың барлығы туған жерге деген құрметті қалыптастырады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – тазалықты ғана емес, тәртіпті, ұқыптылықты және жауапкершілікті насихаттайтын құндылық деп есептеймін.

 

С.ҚАЙЫР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT