«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға ғана емес, адамның ішкі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, көшенің, ауланың немесе туған өлкенің тазалығы сол жерде өмір сүретін адамдардың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсетеді.
Қоқысты арнайы орынға тастау, табиғатты ластамау, ағаштарды қорғау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен өзгеріске бастайды. Тазалыққа бейжай қарамайтын азамат өз елінің болашағына да жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан «Таза Қазақстан» әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы керек. Таза орта – жайлы өмірдің ғана емес, өркениетті қоғамның да белгісі.
А.МАРАТҰЛЫ


