«Таза Қазақстан» — тек көшені қоқыстан тазарту немесе аумақты абаттандыруға бағытталған науқан емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған маңызды бастама.
Адамның табиғатқа, қоғамдық орындарға және өз қаласына деген көзқарасы оның азаматтық жауапкершілігін көрсетеді. Таза әрі ұқыпты орта адамның көңіл күйіне, өмір сүру сапасына да әсер етеді. Сондықтан тазалықты бір күндік сенбілікпен шектемей, күнделікті әдетке айналдыру қажет.
Әр азамат «Бұл жерді біреу тазалайды» деген түсініктен арылып, өзі өмір сүріп жатқан ортаның тазалығына жеке жауапкершілікпен қараса, қоғамда үлкен өзгеріс қалыптасады. Менің ойымша, «Таза Қазақстанның» ең маңызды нәтижесі — көшелердің тазалығы ғана емес, адамдардың ойлау мәдениетінің өзгеруі.
Г.ӨТЕМІС



