«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны абаттандырумен қатар, қоғамның мәдениетін қалыптастыратын маңызды бастама. Тазалық адамның айналасына деген көзқарасынан басталады. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, табиғатты қорғау сияқты қарапайым әрекеттер азаматтың жауапкершілігін көрсетеді.
Менің ойымша, таза орта қалыптастыру үшін үлкен өзгерісті күтудің қажеті жоқ. Әр адам өз ауласынан, өз көшесінен бастап тазалыққа үлес қоса алады. Бір адамның жақсы әрекеті екінші адамға үлгі болып, осылайша ортақ мәдениет қалыптасады.
«Таза Қазақстанның» басты мәні – тазалықты бір реттік шара емес, күнделікті әдетке айналдыру. Өйткені таза ел ең алдымен санасы таза, табиғатқа жанашыр азаматтардан құралады.
М.РАХМЕТОЛЛАҚЫЗЫ



