Тазалық — ұлт мәдениетінің нағыз айнасы

ашық дереккөзден

 

 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы — еліміздің сыртқы келбетін жақсартуға ғана емес, халықтың мәдениеті мен санасын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Себебі тазалық әр адамның күнделікті әдетінен басталады. 

Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау адамның жауапкершілігін көрсетеді. Егер әр азамат өз ауласынан бастап тазалыққа мән берсе, бүкіл еліміздің көркі арта түседі.

Нағыз мәдениетті қоғамды заманауи ғимараттарымен емес, тұрғындарының қоршаған ортаға деген көзқарасымен бағалау керек. Сондықтан тазалықты уақытша науқан емес, өмірлік ұстанымға айналдыруымыз қажет.

 

С.ІЗБАСАР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT