Менің ойымша, «Таза Қазақстан» бастамасы тек қоршаған ортаны қоқыстан тазарту емес, ол – әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыратын маңызды қадам. Адамның тазалыққа деген көзқарасы оның күнделікті әрекетінен байқалады. Мысалы, көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатқа зиян келтірмеу қарапайым әрекет болып көрінгенімен, олардың қоғам үшін маңызы зор.
Тазалықты тек арнайы қызметкерлердің міндеті деп қарастыру дұрыс емес. Әр адам өзі өмір сүретін ортаның тазалығына үлес қосуы қажет. Егер тазалық әр отбасының тәрбиесінен басталып, қоғамның ортақ құндылығына айналса, еліміздің экологиялық жағдайы да жақсарады. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы адамның сыртқы ортасын ғана емес, ішкі мәдениетін де өзгертуге ықпал етеді деп ойлаймын.
Д.БАТЫРБЕК



