«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасын қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыратын игі бастама деп санаймын. Адамның мәдениеттілігі оның қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан да байқалады.
Көшеге қоқыс тастамау, суды үнемдеу, ағаштарды сындырмау және қоғамдық орындарды таза ұстау – қарапайым болғанымен, маңызды әрекеттер. Осындай жауапкершілікті әрбір азамат сезінген жағдайда ғана еліміз таза әрі көрікті болады. Сондықтан «Таза Қазақстан» ұранын сөз жүзінде емес, іс жүзінде қолдауымыз қажет.
Г.ӨТЕГЕН



