«Тазалық-мәдениеттің айнасы»

ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» жобасы – еліміздің табиғатын қорғауға және қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама арқылы адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгеріп, жауапкершілігі арта түсуде.

Қазіргі кезде табиғаттың ластануы, қоқыстың көбеюі сияқты мәселелер жиі кездеседі. Осындай проблемалардың алдын алу үшін «Таза Қазақстан» жобасының орны ерекше. Жоба аясында ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту, экологиялық акциялар өткізу сияқты пайдалы жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Бұл тек табиғатты қорғауға ғана емес, адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа тәрбиелейді.
Таза Қазақстан  жобасы әрбір азаматқа ой салады. Тазалықты сақтау – үлкен іс емес, ол күнделікті әдетке айналуы керек. Әркім өзінен бастаса, еліміздің келбеті де өзгереді.
Қорытындылай келе, «Таза Қазақстан» жобасы – болашақ ұрпаққа таза әрі көркем табиғат қалдыруға бағытталған игі бастама. Мұндай жобалар әрдайым қолдау тауып, жалғасын табуы тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT