Қоғамның тазалығы әр адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсетеді. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау және өзгелерге үлгі болу – саналы азаматтың міндеті.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасы адамдарды бірлікке, жауапкершілікке және табиғатты аялауға шақырады. Менің ойымша, еліміздің көркеюі тек мемлекеттік шараларға емес, әрбір адамның күнделікті іс-әрекетіне де байланысты.
Егер барлығымыз тазалықты сақтауды әдетке айналдырсақ, қалаларымыз бен ауылдарымыз көркейіп, еліміз одан әрі дамиды. Таза ел болу – әрқайсымыздан басталады.
С.ЖАҚЫПҚЫЗЫ



