«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының басты мақсаты – табиғатты қорғап қана қоймай, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Тазалыққа бейжай қарамайтын азаматтар көбейген сайын еліміздің экологиялық жағдайы да жақсара түседі. Әрбір тұрғын өз ауласы мен жұмыс орнын, қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосса, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.
Әсіресе жастар арасында экологиялық білім мен жауапкершілікті арттыру маңызды. Өйткені қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз.
Ж.ОТАРҒАЛИҰЛЫ


