Тазалық — мәдениеттіліктің айнасы

сурет: ашық дереккөзден

 

«Таза Қазақстан» — тек көшелерді қоқыстан тазарту немесе аумақтарды абаттандыру науқаны емес, бұл қоғамның табиғатқа және өз ортасына деген көзқарасын өзгертуге бағытталған маңызды бастама. Менің ойымша, қоршаған ортаның тазалығы ең алдымен адамның ішкі мәдениетінен басталады. Егер әр азамат қоқысты кез келген жерге тастамауды, табиғатты ластамауды, қоғамдық орындарды таза ұстауды өзіне міндет деп қабылдаса, үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

Бұл тұжырымдаманың ерекшелігі — тазалықты бір реттік жұмыс емес, күнделікті өмір салтына айналдыруға мүмкіндік беруінде. Мектепте оқушылардың сенбілікке қатысуы, аула тазалығы, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі түсіндіру жұмыстары арқылы жас ұрпақтың бойында жауапкершілік қалыптасады. Таза көше мен көрікті қала — сол жерде өмір сүретін адамдардың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі. Сондықтан «Таза Қазақстан» әр азаматты туған жеріне жанашырлықпен қарауға шақыратын қоғамдық құндылық деп есептеймін.

 

А.ТӨКЕШҚЫЗЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT